Қазақстанда банкроттық рәсімдерінен өту қызметтеріне «көмек ұсынушылар» белсенділік танытуда

Қазақстанда банкроттық рәсімдерінен өту қызметтеріне «көмек ұсынушылар» белсенділік танытуда
2023 жылғы 3 наурыздан бастап банкроттық рәсімін қолдануға ниет білдірген азаматтардан өтініштер қабылдау басталды. ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі- МКК) деректеріне сәйкес, кейбір ХҚО-лардың алдында ақшалай сыйлықақы үшін қажетті құжаттар ресімдеп беруді ұсынатын «көмекшілер» пайда болды. МКК өкілдері соттан тыс банкроттық рәсімі (берешек 5,5 млн теңгеден артық болмаған кезде) мүлдем тегін екендігі жөнінде еске салады.


Қарыз алушыларды алдау үшін «көмекшілер» қандай аңыздар ойлап табатындары жөнінде Fingramota.kz-пен бірге қарастырайық.

«Сіздің соттан тыс банкроттық рәсімі бойынша қарыздарыңызды делдалсыз есептен шығармайды»
Қаскүнемдер соттан тыс банкроттық рәсіміне өтініш жазу және мемлекеттік органдарға ұсыну бойынша өз қызметтерін ұсынады. Олар азаматтарды өздігінен жазылған өтініштер ешбір жағдайда қаралмайды деп сендіреді.
Ең бастысы, мынадай талаптар сақталуға тиіс:
1. Банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы берешек 1600 айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс (2023 жылға – бұл 5 млн 520 мың теңге);
2. Борышкердің атына тіркелген мүліктің, оның ішінде ортақ меншіктегі мүліктің болмауы.
3. Өтініш берілген күні қатарынан 12 ай ішінде кредиторлар мен коллекторлар алдындағы міндеттемелерді өтеудің болмауы.
4. Мерзімі өткен берешек туындаған сәттен бастап 18 айдан аспайтын мерзімде кредиттік шарт бойынша орындалмаған міндеттемелерді реттеу немесе өндіріп алу жөніндегі рәсімнен міндетті түрде өту.
Егер борышкер өтініш берген күнге өзінің берешегін 5 жылдан артық өтемесе, онда аталған барлық талаптар оған қолданылмайды.

Өтінішті онлайн қалай беруге болады?

1. Алдымен id.mkb.kz сайты арқылы дербес кредиттік есеп (ҚР азаматтарының банкроттығы) алу қажет, онда ең аз мерзімі өткен күндерді көрсетумен, ағымдағы міндеттемелердің сомасы көрсетіледі. Бұл қызмет тегін көрсетіледі және оны кез-келген электрондық құрылғылар, оның ішінде мобильді құрылғылар арқылы алуға болады.
2. Сіздің атыңызға жеке немесе ортақ меншіктегі мүліктің тіркелгенін білу үшін egov.kz сайты арқылы тиісті анықтамаға тапсырыс беріңіз.
3. Өтінішке кредитормен (екінші деңгейдегі банкпен не микроқаржы ұйымымен) қарызды реттеу туралы құжатты қоса беріңіз. Мыналар есеп айырысу құжаты болып саналады:
• банктің реттеуден бас тартуы;
• өтініштің көшірмесі не өтінішті электрондық форматта жіберу туралы растау (банктің жауабы болмаған жағдайда);
4. Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтінішті eGov.kz электрондық үкімет порталы немесе e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы жіберуге болады не жақын жердегі ХҚКО бөлімшесі арқылы қағаз тасымалдағышта беруге болады.
5. Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтінішті толтыру кезінде ерлі-зайыптылардың (жұбайы (зайыбының) дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімін алу қажет өтінімді электрондық үкімет сайтындағы Жеке кабинетте келіседі. Жұбайы (зайыбы) бас тартқан жағдайда, өтініш жөнелтілуге жатпайды.
Өтінішті қарау нәтижесін www.egov.kz сайтындағы жеке кабинеттен, ол берілген күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде алуға болады.

«Қарызды толығымен есептен шығаруға және сот банкроттығы шеңберінде тұрғын үйді сақтап қалуға көмектесемін»
«Делдалдар» сот банкроттығына жүгінгісі келетін қарыз алушыларға (қарыз 1600 АЕК-тен жоғары болуы керек), олардың қарыздарын өздерінің қызметіне белгілі бір төлем алған жағдайда сот арқылы есептен шығаруға және сонымен бірге мүлік пен ақшаны сақтап қалуға уәде беруі мүмкін.
Сенбеңіз! Сот банкроттығы рәсіміне өтініш берген кезде борышкердің барлық мүлкі сауда-саттықта сатылады. Азаматтар кепілге салынған мүлік, борышкердің жалғыз баспанасы болса да, сот банкроттығы кезінде кредитордың бұл мүлікті алып қою құқығы бар екенін білуі керек. Қалған өтелмеген сома борышкердің жосықсыз белгілері болмаған жағдайда есептен шығарылады, бұл жерде мүлікті немесе ол туралы ақпаратты жасырып қалу, жалған ақпарат беру және т.б. туралы айтылып отыр