Теміртау ұланы үздік үштіктер қатарында

25 наурыз күні Қарағанды облысының Саран қаласында қала әкімдігінің ұйымдастыруымен Наурыз мейрамының құррметіне «NAURYZ RUN 2023» 7, 14, 21 шақырымға жартылай марофоны өткізілді.

Аталмыш жарысқа еліміздің түкпір түкпірінен онлайн түрде тіркелген 300-ге жуық жарыскерлер қатысты, солардың арасында Ұлттық ұлан 5516 әскери бөлімінің маманы кіші сержант Ержан Мыңбаев күш сынасып, қанжығасына жүлделі екінші орынды майлады.

» Мен 14 километр шақырымға жүгірген болатынмын, өзіммен бірге 100 адам қатысты, әрине ара-қашықтық жақын емес, күнделікті әскери дайындық, спорттың көмегімен 2 орынға ие болдым, дейді әскери қызметші.

Жарыс жеңімпаздары марафон логотипі бар естелік медальдары, Саран қаласының әкімі Ержан Темірхановтың грамотасымен марапатталды.

ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.