Бала тәрбиесі — маңызды
Жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушысы ғана емес, еліміздің тірегі мызғымас болашағы. Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы –бала. Бала — дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада қалыптасады.
Осыған орай Жақып Ақбаев атындағы мектебінде 2- сынып оқушыларының ата-аналарымен «Баланың басты ұстазы ата-ана» атты тақырыбында жиналыс тренинг түрінде өтті.
Жиналыстың мақсаты — ата-ана мен баланың арасындағы сабақтастықтың дұрыс өрбуін дамыту, отбасындағы үнемі жылулықты қалыптастыру.
Бұл жиналыс тренинг барысында әр ата-ана баласының жақсы және оғаш қылықтарын, оны қалай жоятындарын жазып берді.
Алдын – ала білім алушылардан бес сұрақтан тұратын сауалнама алынды. Осы алынған сауалнама ата – анаға қойылды. Жүргізілген сауалнамалардағы бала мен ата – ана жауаптарын сәйкестендіріп, ата-ана өз баласының нені ұнататынын және кім көбірек жақсы көретінін, кімнен қолдауды жиі күтетіні туралы ақпарат алды.
Осындай ата-аналармен жүргізілген жұмыстар арқылы әр ата-ана өзінің баласының ішкі дүниесіне үңіліп, бала тәрбиесінде нені жолға қою қажет екенін біле алады.
Ата –ана бала тәрбиесінде бірінші орында тұрған тұлға. Ал, бала өзінің ата-анасын әрдайым үлгі етеді. Әр ата-ана өз баласын зерттей отырып қолдау жасайды, жылылық пен мейірімділік танытады. Баланың пікірімен бөліседі, оның шешіміне құрметпен қарайды. Осылай болғанда ата-ана мен бала арасында достық қарым – қатынас орнайды. Әр ата-ана бала тәрбиесі маңызды екенін ұмытпауы қажет.
Қарағанды қаласы,
Мырзаханова Гульжанат
бастауыш сынып мұғалімі
Жақып Ақбаев атындағы ЖББМ