Ауыл – ел Бесігі

2023 жылы «Ауыл – ел Бесігі» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 143 млрд теңгеге 1500-ден астам жобаны іске асыру жоспарлануда


ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов Қостанай облысына жасаған жұмыс сапары барысында өңірдегі мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысымен танысты, деп хабарлады Primeminister.kz.

Вице-премьер бірінші кезекте облыстық көпсалалы аурухананы аралады. Медицина мекемесінің жай-күйін көріп, 200 орындық перинаталдық орталық салу мәселесін талқылады. Ол Президенттің тапсырмасы бойынша өңірлерде салынатын 12 нысанның бірі болмақ. Келешекте жаңа көпсалалы аурухана салу мәселесі Денсаулық сақтау министрлігінде қаралмақ.

«Үкімет еліміздің медицина мекемелерін нығайту, жаңғырту, заманауи жабдықтармен жарақтандыру бағытында жұмыс істеп жатыр. «Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2023-2024 жылдары шалғай ауылдарда дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттер салу жоспарда», — деп атап өтті А. Көлгінов.