«Болашаққа сеніммен» жобасында ауыл мектептеріне баса назар аударылады

Бұл «Болашақ» Қауымдастығының жүйелі жобаларының бірі. Онда ірі қалаларға ғана емес, еліміздің шалғай өңірлеріндегі мектептерге де ерекше назар аударылатын болады. «Болашақ» Қауымдастығының Кеңес мүшесі Мұхтар Манкеев жобаға белсенді қатысуға шақырды.


«Біз баршаңызды жобаға қатысуға шақырамыз, ешқандай шектеулер жоқ. Қазірдің өзінде 40-қа жуық дайын тәлімгер бар. Сайтта сауалнаманы толтыруға болатын арнайы сілтеме бар. Үйлестірушілер әртүрлі мектептердің түлектерімен кездесу ұйымдастыруға көмектесу үшін хабарласады. Тәлімгерлерге көмектесу үшін жақсы психологиялық зерттеулер дайындадық. Ірі қалалардың тұрғындарына ғана емес, мысалы, өндірісте, вахталық әдіспен жұмыс істейтіндердің барлығы жобаға қатыса алады, біз ауыл мектептеріне баса назар аударамыз. Қалаларда мүмкіндіктер көп. Ал ауылдық жерлерге өзіміз барып қандай мүмкіндіктер барын көрсетуіміз керек. Мамандарды жобаға қатысуға шақырамын. Біз өз тарапымыздан барлық көмекті көрсетеміз. Жас ұрпаққа дұрыс мамандық таңдауға көмектесейік!», — деді спикер.