Сарбаздармен өткізілген сұқбат.
Өзін-өзі қол жұмсаудың алдын алу жұмыстары Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері арасында суициалды мінез-құлықты анықтау мақсатында тест жүргізіліп, мазасыздық деңгейі бар жас сарбаздармен ағарту жұмыстары жүргізіледі. Осы мақсатта Қарағанды өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасының алдын алу бөлімінің бастығы әділет подполковнигі Жарқынбек Молдаханов арнайы маман көмегімен 44803 әскери бөлімінде «өзіне-өзі» қол жұмсауды алдын-алу бойынша сұқбат жүргізді. Әскер қатарына шақырылған сарбаздар арасындағы өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу туралы тренингіне арнайы Қарағанды облысы, денсаулық сақтау басқармасы облыстық психикалық денсаулығы орталығының қызметшісі дәрігер-психиатр суицидолог Елена Соловьева қатысты. 44803 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметшілері арасында өткізілген сұқбаттың басты мақсаты: жағымды эмоционалдық жағдай қалыптастыру, шараға қатысушылардың ішкі сана сезімін түсіну, өзін-өзі қол жұмсаудың алдын алу, өмірге құлшынысын ояту. «Жастар арасындағы суицид мәселесі» атты іс-шара барысында суицидиолог, дәрігер-психиатр жас сарбаздарға өзіне-өзі қол жұмсау қолайсыз жағдайларға, үлкендер тарапынан болатын қысымдарға, кейде мамандардың әдепсіз қылықтарынан, достары мен қатарластарының дау-дамай мәселесі, өзара реніш, жағдайда туындайтындығын көрсетті. Өзін-өзі қол жұмсау превенциясы бойынша өткізілген сұқбат барысында тәртіп сақшысы мен дәрігер-психиатр «Өмір құндылығы неде?» тақырыбында жиынға қатысушылардан қысқаша шығармалар жазып алды.
— Өзін-өзі қол жұмсау — проблемадан арылудың шешімі емес. Өмір — үлкен жауапкершілік. Әрі одан әртүрлі эмоция жетегінде айырылып қалуға болмайды. Әр адамның өмірге деген көзқарасы және де санасының жетік жетілуі, психологиялық дертке шалдықпауы, өмірге, күллі адамзат құбылысына позитивті қарау — өзіне қол жұмсаудан аулақ болуының бірінші баспалдағы. 44803 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметшілерімен қызықты сұқбат өрбіттік. Білікті маманның қатысуымен орын алған іс-шара сарбаздардың көңілінен шықты. Қазақ армиясында жағымсыз жағдайлар бұрынғыға қарағанда барынша азайды. Мұндай жиындар Қарағанды өңірлік гарнизонында жиі өткізіліп тұрады, — деп атап өтті өз сөзінде Қарағанды өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасы алдын-алу бөлімінің бастығы әділет подполковнигі Жарқынбек Молдаханов.