Қарағандыда әскерилер қаңтар оқиғасында қаза болған екі сарбазды еске алды…
05 қаңтар күні Ұлттық ұланның Орталық өңірлік қолбасшылығында қаралы қаңтар кезінде ерлікпен қаза болған Аманов Айбат пен Қайсаров Мадиярды еске алуға арналған «Мәңгілік сапта» іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараны Орталық өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Сәкетай Шекарбеков бір минуттық үнсіздікпен бастап берді.
Іс-шара барысында сардар қаңтар оқиғасы кезінде дабыл қағылып, еліміздің іргесін сақтап қалу жолында барлығымыз түгелдей жұмылдырылған болатынбыз, елімізді лаңкестерден аман сақтап қалдық, бірақ екі жауынгеріміз осы жолда өкінішке орай ерлікпен қаза болғаны жайлы өз сөзінде атап өтті.
Айта кетерлік, Ұлттық ұлан қатарында Қызылорда қаласындағы 5547 әскери бөлімінде қатардағы Мадияр Қайсаров болса, Талдықорған қаласындағы 5514 әскери бөлімінде қызмет еткен Айбат Аманов, анттарына адалдық танытып, жаңқиярлықпен қаза болды.
Қазіргі уақытта әскерилерге Қарағанды қаласы мен Жаңаарқа кентінде естелік стендтері, оқыған мектептері мен колледжтеріне тарихи орындар ашылып, ал Мадияр Қайсаровтың тұрған үйіне мемориал тақтасы орнатылды.
ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.