Дәлелсіз: «Парацетамол, спирт, сарымсақ және шұбат коронавирус жұқтырмауға көмектеседі»
Дәлелсіз: «Парацетамол, спирт, сарымсақ және шұбат коронавирус жұқтырмауға көмектеседі»
❌ Мессенджерлерде қазақстандықтар COVID-19 жұқтырмаудың жолдары айтылған дыбыстық хабарламамен бөлісуде. Автордың айтуынша, бұл ретте спирт, сарымсақ, парацетамол және шұбат көмектесе алады.
✅ Шын мәнінде, хабарламада аталған әдістердің бірде-біреуінің аурумен күресте тиімділігі дәлелденбеген. Бүгінгі таңда ондай әдіс болып тек вакцинация ғана болып саналады. COVID-19 қарсы вакциналардың тиімділігі мен қауіпсіздігі клиникалық және клиникаға дейінгі зерттеулермен дәлелденген. Алкоголь иммундық жүйені әлсіретеді және оны вирустарға осал етеді. Сонымен қатар, алкогольдің SARS-CoV-2 коронавирусын өлтіре алмайтындығы дәлелденген, бұл туралы ДДСҰ ресми сайтында жазылған. Парацетамолды спиртпен бірге қабылдау – қауіпті. Мұның салдарынан ауыр жағдайларда адам комаға түсуі мүмкін. Хабарлама авторы айтқандай, сарымсақ жеу де алдын алудың сенімді әдісі бола алмайды. Пайдалы қасиеттеріне қарамастан, ол Sars-CoV-2 вирусымен күресте тиімсіз.
ТОЛЫҚ: t.me/stopfake_kz