«Құқықтық тәртіп» шарасы өтті

2022 жылғы 9 қараша мен 11 қараша аралығында Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы Желілік полиция бөлімінің қызмет көрсету аумақтарында «Құқықтық тәртіп» жедел іздестіру шарасы өткізілді.

Бұл күндері Желілік полиция қызметкерлері күшейтілген түрде қызмет атқаруда. Жедел іздестіру шарасының мақсаты – теміржол бойында азаматтардың қауіпсіздігін, құқықтық тәртіпті сақтау.

Аталған іс-шара өту барысында Қарағанды жолаушылар вокзалында Жамбыл облысының 1991 жылы туған Т. деген азаматының жолдорбасынан сабы жоқ, өткір пышаққа ұқсаған ұшты темір зат тәркіленді.

Сондай-ақ Әкімшілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері тарапынан қоғамдық орында ішімдік ішкені үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 440-бабының 1-бөлігі бойынша 11 әкімшілік хаттама толтырылды.

Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүргені үшін 3 ата-ана осы кодекстің 442-бабының 2-бөлімі бойынша әкімшілік жауапқа тартылды.

Сонымен бірге Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 441-бабының 1-бөлігі, яғни белгіленбеген жерде темекі шегу бойынша 6 хаттама, қоғамдық орынды ластау бойынша аталған кодекстің 434-2 бабының 1-бөлігі негізінде 9 хаттама толтырылды.

Сондай-ақ 496-бабының 2-бөлігімен Ресейдің екі азаматы ұсталып, екі елдің азаматтығын алып жүргені үшін 2 хаттама толтырылып, сотқа жолданды.

Шетелдіктердің көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін осы кодекстің 517-бабының 3-бөлігі бойынша бір өзбек азаматы ұсталып, оған ескерту жасалды.

Қорытындылай келе, «Құқықтық тәртіптің» үш күнінде түрлі әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша барлығы 56 әкімшілік хаттама толтырылғанын атап өтеміз.

Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы Көлік полициясы бөлімі