«Тентекте» тексеру жүргізілді

Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнының кен орындарында тексеруді мықтап қолға алған сыңайлы. Бұл жолы тексеріс кестеге орай «Тентек» шахтасында жүргізілді.

Жер астынан көмір өндіретін кен орны жауаптыларының осы уақытқа дейін бұрыннан келе жатқан ескертпелерді елемегені анықталған. Жалпы алғанда, талапқа сай келмейтін 151 жағдай белгілі болып отыр.

Негізгі бұзушылықтар кәсіпорында қолданылатын ескірген техникаға қатысты, ғимараттар нормативке сәйкес тексерілмейді, шахтада ауаның рұқсат етілген жылдамдығынан асатын қазбалар бар, қазбаларды бұзу және қайта бекіту бөлігінде желдетуді жақсарту шаралары орындалмаған.

Адам өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ қоршаған ортаға қауіп төндіретіндіктен сотқа технологиялық кешеннің таспалы конвейерін тоқтата тұру жөнінде талап-арыз жіберілді.

 

Расул МҰХАММЕД,

«QH»