Тазалық керек қашан да…

Әлеуметтік желі қолданушылары қаламыздағы «Айсұлу» бөбекжайымен іргелес аумақтағы қоқысты сынға алды. Бұл аумақ бөбекжайға тиесілі емес. Әйтсе де тәрбиешілер қоқыс үйіндісіне енжарлық танытпады. Қайта жұмыстан қолдары қалт еткен сәтте сенбілікке шығып, тазалық жұмыстарын жүргізді.

Әлеуметтік желідегі сыннан соң Білім бөлімінің қызметкерлері аумақты тексеріп, қоқыс үйіндісін анықтаған еді. Бұл жерде түрлі қағаз, ойыншық сынықтары мен тұрмыстық қалдықтар жиналып қалыпты. Бөбекжайға жақын маңда тұрғын үйдің қоқыс контейнерлері орналасқан. Қалдықтардың басым бөлігі содан ұшып келген болуы мүмкін. Сондықтан бөбекжай қызметкерлері бір кісідей жұмылып аумақты тазартып шықты.

Айта кету керек, бұған дейін қыркүйек айында да дәл осындай сенбілік ұйымдастырылып, қоқыстар арнайы қапқа салынып шығарылған еді.

Арман АБИЛҚАСЫМОВ

«QH»