Фейк: «28 шілде- 4 тамыз аралығында Қазақстанда COVID-19 індеті өршиді»
What ‘ sApp мессенджерінде Қазақстанда 24 шілде мен 4 тамыз аралығында COVID-19 өршиді. Осыған байланысты қалалардың үстінен ұшақтар дезинфекция жүргізетіні туралы хабарлама таратылуда. Бұл жалған.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл ақпаратты теріске шығарды.
– Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Дезинфекциялық заттарды әуе көлігінен бүрку де жоспарда жоқ, – деп хабарлады ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.
Бүгінгі таңда елімізде КВИ жұқтырған 542703 науқас анықталды. Оның ішінде 6797-і ағымдағы жылдың 26 шілдесінде тіркелген.