Өңірлерде вакциналаудың қарқыны

Өңірлерде вакциналаудың қарқыны бойынша

Вице-премьер еліміздің кейбір өңірлерінде вакциналаудың төмен қарқынын атап өтті.

Мысалы, Маңғыстау облысында халықтың тек 25,6%-ы бірінші компонентпен егілді, бұл республика бойынша орташа мәннен 2 есе төмен (52,4%).

6 өңірдің (БҚО, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Павлодар облыстары) көрсеткіштері ел бойынша орташа мәннен айтарлықтай артта қалып отыр.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 2021 жылғы 14 шілдедегі №32 Қаулысына сәйкес биылғы жылғы 10 тамызға дейінгі мерзімде қызмет көрсету саласының барлық қызметкерлері COVID-19 вакцинасының бірінші компонентімен екпе алуы тиіс.

©️Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары

t.me/coronavirus2020_kz