№ 97 гимназиясының оқушылары мен ата-аналарымен онлайн режимінде кездесу өтті

Ағымдағы жылдың 29 желтоқсанында Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты Камали Жібек Камалиевна және «Мирас» клиникасының директоры Разиева Роза Сәбитоллақызы «ел үшін егілемін» азаматтық штабының мүшесі Қарағанды қаласының № 97 гимназиясының оқушылары мен ата-аналарымен онлайн режимінде кездесу өткізді.
Кездесу барысында неміс-американдық Pfizer вакцинасының сапасы мен тиімділігі туралы айтылды. Pfizer вакцинациясында тірі коронавирус жоқ. Сондықтан вакцинация алған адам ovid-19-мен ауырмайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) және батыс елдерінің ғалымдары пандемияны тоқтатудың жалғыз әдісі-вакцина екенін атап өтті.
Кездесуде коронавирустық инфекция және вакцинация туралы сұрақтар қойылды, онда қатысушылар толық жауап алды. Кездесуге барлығы 195 оқушы мен ата-ана қатысты.