9 қарашада ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Қарағанды техника-құрылыс колледжінің студенттері арасында екпені түсіндіру бойынша кездесу өткізді

9 қарашада ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Қарағанды техника-құрылыс колледжінің студенттері арасында екпені түсіндіру бойынша кездесу өткізді. «Біз өз денсаулығымыз туралы, болашақ ұрпақтың денсаулығы туралы ойлануымыз керек. Қазіргі эпидемиологиялық жағдайда сауықтырудың бір ғана жолы бар-ол екпе. Екпе әртүрлі аурулармен күресудің күшті әдісі болып табылады. Әр жылдары адамзат жаппай екпе алудың арқасында шешек, безгек, сияқты көптеген ауруларды жеңді»,-деп атап өтті ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері.
Кездесуге барлығы 70-ке жуық адам қатысты. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!