741 Күдікті қамауда

«Биылғы жылдың 16 ақпанына Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің тергелуіндегі барлық қылмыстық істер бойынша 741 күдікті сот санкциясымен қамауда.

Олардың ішінде 113 бұрын сотталған, 42 тыйым салынған экстремистік ұйымның қатысушылары және 35 ұйымдасқан қылмыстық топ өкілдері.

Сондай-ақ, біз қамауға алынғандардың жеке бастарын зерттедік және Алматы қаласындағылар бойынша олардың портреттерін жасадық»,- ҚР Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов.