70 мың оқушы мектеп табалдырығын аттады

Қарағанды қаласының әкімі оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады

Ермағанбет Бөлекпаев Қаныш Сәтпаев атындағы гимназияның алғашқы қоңырауына қатысты.

Қала басшысы өз құттықтауында қаланың барлық мектептерінде қауіпсіздік пен денсаулықты сақтау үшін барлық қажетті шаралар қабылданғанын атап өтті. Педагогтар вакцинациядан өтті, барлық білім беру ұйымдары қажетті қорғаныс құралдарымен жабдықталған.

— Сіздерді Білім күнімен құттықтаймын! Сіздерге шығармашылық табыстар тілеймін! Ал бірінші сыныпқа барған балаларға айтарым — Сіздердің алғашқы оқулықтарыңыз ӘЛІППЕ болады. Бұл кітап сіздерге оқуды үйренуге және үздік оқушы болуға көмектесуін тілеймін. Жолдарыңыз болсын! — деді қала әкімі.

Жалпы Қарағандыда 81 мемлекеттік және 8 жеке меншік мектеп жұмыс істейді. Бүгін 70 мыңнан астам оқушы сабаққа кірісті, олардың ішінде 7 мыңға жуығы бірінші сыныпқа барды.

ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН.