ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2025 жылға дейінгі халық табысын арттыру бағдарламасы қаралды

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов, энергетика министрі Болат Ақшолақов, индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, «Атамекен» ҰКП басқарма басшысының м. а. Нариман Әбілшайықов баяндама жасады. Үкімет басшысы 2025 жылға дейінгі халық табысын арттыру бағдарламасы азаматтардың әл-ауқатын арттыру және әлеуметтік-еңбек саласындағы тәсілдерді жаңарту мақсатында әзірленгенін атап өтті. Мәселен, жаңа өнеркәсіптік кластерлер құру, шағын және орта кәсіпкерлікті қаржылық қолдауды қамтамасыз ету, ірі кәсіпорындар маңында ШОБ-ты дамытуға жағдайлар жасау есебінен өнеркәсіп пен кәсіпкерліктегі жұмыспен қамтуды ұлғайту жоспарланып отыр. АӨК саласында жұмыспен қамтуды арттыру мақсатында қосалқы үй шаруашылықтарын құру, инвестициялық жобаларды іске асыру және микрокредит беру тетіктерін кеңейту шаралары қарастырылған.

Дерекөз: https://primeminister.kz/kz/news/ukimette-2025-zhylga-deyingi-halyk-tabysyn-arttyru-bagdarlamasy-tanystyryldy-1023434