КТА ойыны бойынша жарыс өтті

11 қараша күні Қарағанды қаласының «ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ» Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы “Орталық” өңірлік қолбасшылығы 6505 әскери бөлім командирінің кубогына 1-2022 жылғы шақырылым сарбаздарының арасында КТА ойыны бойынша жарыс өтті.

Аталмыш іс-шараға құраманың 6 бөлінісенен құралған 6 команда қатысты. Өткізу барысында ойыншылар КТА-ға жоғары деңгейде дайындалғанын көрсетіп, көрермендерге қуанышты көңіл сыйлады. Ойын ережеге сай 4 кезеңнен тұрды: Таныстыру, музыкалық көрініс, биатлон, үй жұмысы, әрбір үздік көрініске ең жоғарғы 5 бағасы берілді.

Додада өзгелерден алға шығып, жеңісті қаңжығасына байлаған — бригада командирінің Кубогын 3 Атқыштар батальоны “Ұлт мақтаныштары” командасы жеңіп шықты. 1-ші жүлделі орынды 4 атқыштар батальоны “Тигр” командасы, 2 -ші орынды 2 атқыштар батальоны “Бір үйдің Балалары” командасы, жүлделі 3 -ші орынды 2 атқыштар ротасы “Чемпион” командасы иеленді.

Іс-шара соңында қатысушылар мен ұйымдастырушы құрамына құрмет грамоталары мен бағалы сыйлықтар табысталды!

ҚР Ұлттық ұланы Орталық өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.