М.О.Әуезов атындағы қалалық кітапханада Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды
2022 жылдың 29 сәуірінде «Қарағанды қаласы орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ М.О.Әуезов атындағы қалалық кітапханада Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.
Атап айтсақ, М.О.Әуезов атындағы қалалық кітапханада «Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» КММ-нің қолдауымен «Қарағанды қаласы орталықтандырылған кітапхана жүйесінің» оқырмандары Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Акимжанов Халел Рахимовичтың қатысуымен Қазақстанның халық жазушысы, драматург, тарихшы, зерттеуші ғалым, қоғам қайраткері, Филология ғылымдарының докторы, Мемлекет сыйлығының лауреаты Мұхтар Мұқанұлы Мағауиннің «Бір атаның балалары» повесінің ашық іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның мақсаты шығарма мазмұнын қайталай отырып, кейіпкер арасындағы ізгілік қарым-қатынасты талдау, оқушыларды адамгершілік, ынтымақтастыққа, адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу. Шара барысында ОКЖ қызметкерлері повестен көрініс көрсетті, тоғыз түрлі ұяшықтан сұрақтар қойылып, оқушылар өздерінің ой-пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар, Мұхтар Мұқанұлы Мағауиннің «Бір атаның балалары» повесін талдау барысында Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Акимжанов Халел Рахымұлы белсене қатысып, оқушылардың ой –толғауын толықтырып және өзінің пікірін ашық, жарқын жеткізіп отырды. Талқылаудан жастар өздеріне ғибратты мағлұматтар алды. Шараға Н.Нұрмақов атындағы облыстық мамандандырылған мектеп интернатының, А.Байтұрсынов атындағы гимназия, «№88 ЖББМ» оқушылары, Шахтер стадионы жанындағы балалар-жасөспірімдер клубының мүшелері белсене қатысты.М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада «Достық аллеясын» ашу салтанаты өтті. Аллеяны ашуға Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушылары, кітапхана оқырмандары, кітапханашылар қатысты. Кітапхана оқырмандары, кітапханашылар балалармен бірге әртүрлі талдар көшеттерін екті. Қай ұлттың да ұғымында көк өскін – саулықтың кепілі, өркендеп өсу мен гүлденудің белгісі. Тұратын жеріңді көгалдандыру мен көркейту – тағылымды һәм жасампаз іс. Сондықтан бұл аллея достықтың белгісіндей жайнап өсетін болады деген сенімдеміз.