39 медаль!

Үндістанда таэквондодан Азия чемпионаты өтті. Онда 15 елден 800-ден астам спортшы қатысып, Қазақстан 32 алтын, 39 күміс және 42 қола медаль жеңіп алды. Жалпы командалық есепте ұлттық құрама екінші орынды иеленді. Қарағанды ITF таэквондо федерациясының спортшылары 11 алтын, 15 күміс және 13 қола жүлдеге ие болды.

— Шыны керек, бұл оныншы Азия чемпионатына қатты дайындала алмадым. Бірақ бағымды сынадым, екінші орынға тұрақтадым. Ата-анамның тілегі орындалды. Бұл спорт түрі маған қатты ұнайды, болашақта кубок Ташкент қаласында өтеді. Сол жерде топ жарғым келеді, -дейді Азия чемпионатының жеңімпазы Қуантай Ерген.

Тағы бір жеңімпазымыздың есімі — Азамат Сәбитов. Ол 4 номинация бойынша бірінші орын алды, сонымен қатар абсолютті чемпион кубогын иеленді. Енді Азамат келесі жылы Италияда өтетін әлемдік жарысқа дайындалады. Қарағанды құрамасы 17 адамды құрады. Жаттықтырушылардың айтуынша біздің еліміз таэквондодан Азияның ең мықты 5 елінің қатарына кіреді. Алайда, демалуға уақыт жоқ, өйткені қазір біздің құраманың алдында Әлем Кубогына дайындық міндеті тұр.

Жұпар АМАНБАЙҚЫЗЫ, «QH»