35 жылдық мерейтой

Қарағанды ​​облысындағы кәріс ұлты өкілдерінің этномәдени бірлестігі 35 жылдық мерейтойын атап өтуде. Айтулы мерекеге орай облысымыздың белсенді кәріс ұлтының өкілдері марапатталды.

Қарағандыдағы кәрістердің этномәдени бірлестігі өз мерекесін «Қазақ еліне мың алғыс» естелік белгісіне гүл шоқтарын қоюдан бастады. Ол Қарағанды облысының кәріс азаматтарынан қазақ халқына алғыс ретінде белгіленді. Сондай-ақ Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына орай ескерткіш басында тағзым етілді. Қазақстанда 120 мың кәріс ұлтының өкілі тұрады, оның 11 мыңы – Қарағанды облысында. Шынында да, әрбір қарағандылықтың достары мен таныстарының ішінде аталмыш ұлт өкілдері бар. Кәрістер қауымдастығының Қарағанды филиалы республикалық филиалдан бұрын пайда болды.

– Депортациядан кейін 87 жыл өткен соң корейлер қазақ жерінде өзін жайлы сезінеді, ал Қазақстан ТМД елдері арасында корейлер саны азаймайтын. Менің ойымша, геосаяси жағдай кезінде біз бүгін осындай бейбіт алаңның мысалы ретінде, Қазақстан біздің этностарымыздың достығы мен келісімін көрсетіп отыр, – дейді Қазақстан кәрістері қауымдастығының төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Юрий Шин.

Қазақстандық кәрістер арасында көптеген көрнекті дәрігер, бизнесмен, спортшы бар, олар барлық салада жұмыс істейді. Салтанатты шараларға Қарағандыға Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джо Тэ Ик келді.

– Шынымды айтсам, мен осындай жоғары деңгейде шара ұйымдастырылғанына таң қалдым және өте қуаныштымын. Бұл менің Қарағандыға алғашқы сапарым. Қарағанды облысының әкімімен кездестім және біз ынтымақтаса алатын көптеген сала бар екенін түсіндік. Маусым айында Қазақстанда ресми сапармен Корея Республикасының Президенті болды және сапар өте сәтті өтті. Ал Сеул мен Астана арасындағы тікелей рейстердің қайта жандануын және Қарағандының Астанадан небәрі екі сағатта тұрғанын ескере отырып, қарағандылықтар да Кореяға жақындай түседі деп ойлаймын, – деп атап өтті ҚР Корея Республикасының елшісі Джо Тэ Ик.

Қонақтар кәріс ұлттық әндері мен билерінен концертті тамашалады. Өмірінің 35 жылын Қарағандыдағы кәрістер қауымдастығына, бірінші кезекте оның төрағасы Лилия Кимге арнаған белсенділер Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қауымдастықтың атынан марапатталды.

Қанағат ЖИЕНҚҰЛОВА, «QH»