35 жыл!

Неміс орталығы Видергебурт мерейтойын атап өтті. Мерекеге жиналғандар үшін Достық үйінде ауқымды іс-шара өтті. Ел мәдениеті – барша халықтың дәстүрі. «Wiedergeburt» неміс орталығы» Қарағанды облыстық қоғамы 1989 жылы құрылды. Іс-шара Қазақстан халықтары достығы ғимаратында өтті. Орталықтың басты міндеттерінің бірі – неміс мәдениетін сақтап, мұқтаж жандарға әлеуметтік көмек көрсету және тілді оқыту. Келген қонақтар үшін өз ұлтының қолданбалы өнерімен таныса алатын шеберлік сыныптары дайындалды. Аниматорлар ересектерді ұлттық билерге қатысуға қызықтырды. Бүкіл залға қойылған суреттер неміс халқының мәдениеті мен дәстүрін дәріптеген тақырыпты қамтыған. Мерекенің ресми бөлігі концерттік бағдарламамен аяқталды. Төрағаның айтуынша, ұйымдастырылған концерттік бағдарлама Қарағанды облысының барша қол ұшын созған өнерпаздарының арқасында дайындалған. Қонақтарға орталықтың білімі туралы фильм ұсынылып, қаланың шығармашылық ұжымдары көрерменді шеберлігі мен өрелі өнерімен қуантты.

– Неміс орталығы Қарағанды облысы мен қаласында тұратын неміс ұлты өкілдеріне өздерінің тілдерін, салт-дәстүрлерін сақтауға, оны одан әрі дамытуға үлкен көмек көрсетеді. Бүгін осындай үлкен шара өтуде. Мерейтой қарсаңында жәрмеңке ұйымдастырылып, көптеген қонақ келді. Мен осы «Wiedergeburt» неміс орталығына табыс тілеймін. Болашақта биіктерден көріне берсін, – дейді әдіскер, неміс тілін оқыту топтарының оқытушысы Бақытжан Жанкина.

Айдын ШАЛАТАЙҰЛЫ,«QH»