31 желтоқсан күні «Қарағанды банк колледжі» КММ оқытушылары мен студенттерімен кездесу өтті

31 желтоқсан күні ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері «Қарағанды банк колледжі» КММ оқытушылары мен студенттерімен коронавирустық инфекцияны жұқтырудың алдын алу және екпе алу туралы кездесу өткізді.
Кездесу барысында неміс-американдық Pfizer екпесінің сапасы мен тиімділігі туралы айтылды. Pfizer вакцинациясында тірі коронавирус жоқ. Сондықтан екпе алған адам Сovid-19 ауырмайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) және батыс елдерінің ғалымдары пандемияны тоқтатудың жалғыз әдісі-екпе екенін атап өтті.
Кездесуде коронавирустық инфекция және екпе туралы сұрақтар қойылды, барлық сұрақтарға қатысушылар толық жауап алды. Кездесуге барлығы 40 студент пен оқытушы қатысты.