303 АДАМ АУЫЛ ӘКІМІ БОЛУҒА ҮМІТТІ

Қарағанды облысында биыл 75 ауыл әкімін халық сайлайды. Қазір 268 адам үміткер болып отыр. Сайлауға кандидаттарды тіркеу аяқталды. 15 шілдеден бастап үгіт науқаны басталды.

Облыста ауыл әкімдерінің алғашқы тікелей сайлауына 303 кандидат – 216 өзін-өзі ұсынған және саяси партиялардан 87 кандидат ұсынылды. Тексеру нәтижелері бойынша 25 үміткер мемлекеттік қызмет талаптарына сәйкес келмегендіктен босатылды. Тоғыз адам кандидатураларын өз еркімен алып тастаған.

Сайлау жақындаған сайын, саяси науқанға қызығушылық артты. Осыдан бір апта бұрын ғана партиялар тек 7 үміткер ұсынса, бүгінгі күні 87 адам саяси ұйым атынан тіркелген. Оның ішінде NurOtan партиясы – 62, «Ауыл» ХДПП – 5, «Ақ Жол» ҚДП және «АDAL» ПП – 3, ҚХП – 14. Орташа бәсекелестік бір орынға 4,1 адамды құрады. 216 адам өзін-өзі ұсынып отыр. Олардың 100-ге жуығы сайлаушылардың қажетті қолын жинап үлгерген. Ауылдық округтар бойынша негізгі бәсекелестік 4 адамнан келеді. Негізінде бүгінгі күнде бір ауылға 3,4,5,6, кандидаттан ұсынылғандар бар. 7 үміткер шыққан 2 округ бар. Былайша айтқанда бәсекелестік өте жоғары деңгейде жүріп жатыр. Қызығушылық аса жоғары. 264 кандидат талапқа сай, 10 кандидат талапқа сай емес. 12 үміткер бойынша материалдар қаралуда деді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ерқара Аймағамбетов.

Қазір сайланбақ болып отырған әкімдердің 69 ның осы уақытқа дейін өкілеттік мерзімі аяқталған. Әкімді жергілікті халықтың сайлауы елдің саяси сауатын арттырып, билік пен бұқара арасына жол салады – дейді сарапшылар. Бұл демократияны нығайтуға бағытталған маңызды қадам, оған ауылдың әрбір тұрғынының әл-ауқаты тәуелді болады, деп санайды ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облыстық филиалының директоры Серікжан Байбосынов. Оның сөзінше біздің азаматтық қоғам қазір өте жоғары деңгейде дамып келеді. Басты көрсеткіш осы сайлау нәтижесі. Бұл жерде партия өкілі түсу керек деген талап жоқ.Әркім өзін-өзі ұсына алады.

Бұл жолы бюллетеньдерде «Бәріне қарсы» деген тармақ болады. Бұл демократиялық қоғамның тағы бір талабы дейді сарапшы. Сайлау 149 елді мекенде өтеді, онда 134 мыңнан астам адам тұрады, оның ішінде 81 мыңы дауыс беруге құқылы азаматтар. Әкім болуға үміткерлердің орташа жасы – 43 жас. Ең үлкені – 61 жаста. Әйелдердің жалпы саны шамамен 16%. Барлық үміткерлердің жоғары білімі бар.

Естеріңізге сала кетейік, 25 шілдеде Қарағанды облысында 130 мыңнан астам адам тұратын 149 елді мекенде ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтеді. Тікелей сайлауды өткізуге 164 сайлау комиссиясы – 15 аумақтық және 49 учаскелік комиссия жұмылдырылады.

Расул МҰХАММЕД, QH.