30-дан астам Қазақстандық оқушы АҚШ-тағы халықаралық жарыстарда роботехникадан үздік атаққа таласады

 

30-дан астам Қазақстандық оқушы робототехникадан FIRST халықаралық чемпионатының ұлттық финалының қорытындысы бойынша АҚШ-қа жолдама жеңіп алды. Жарысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен 700-ден астам оқушы қатысты. Нәтижесінде 4 оқушы Сулейман Демирель атындағы университетте оқуға мүмкіндік беретін грант ұтып алды 💬«Биыл қатысушылар «Жүк тасымалы» тақырыбы бойынша тапсырмалар орындады. Сондықтан оқушылар өздері ойлап тапқан шағын жүктерді тасымалдайтын, тауарларды сұрыптайтын және кедергілерді айналып өтетін роботтарды таныстырды. Чемпионаттың қорытындысы бойынша төрт команда АҚШ-қа жолдама жеңіп алды, — деп айтты Қазақстандағы FIRST робототехника бойынша халықаралық жарысының ұйымдастырушысы Нұрдәулет Досмағамбет. Айта кетейік, FIRST ҚР Білім және ғылым министрлігі оқушылар мен мұғалімдердің қатысуы үшін ұсынған олимпиадалар тізіміне енгізілген.