№3 емханасының жалпы практика дәрігері – Моцная Любовь онлайн кездесу өткізді

А.ж. 24 желтоқсан күні Қарағанды қаласы №3 емханасының жалпы практика дәрігері – Моцная Любовь коронавирустық инфекцияны жұқтырудың алдын алу және екпе туралы қажетті ақпарат алу мақсатында қала тұрғындарына онлайн кездесу өткізді. Кездесу барысында екпенің қажеттілігі, мерзімі, дәрігерлердің вакциналау кезіндегі іс-әрекеттері туралы түсініктемелер берілді. Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды. Барлығы 55 адам қатысты.