24 маусымда ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) кеңесінің отырысы өтті

24 маусымда ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) кеңесінің отырысы өтті 80-х, онда Банктің 2021 жылғы жұмысының қорытындылары қаралды.

Мәселен, өткен жылы Банк 19 жаңа жоба бойынша келісімдерге қол қойды. Бұл ретте ағымдағы инвестициялық портфельде интеграциялық әсері бар жобалардың үлесі 59,6%-ды құрады. ЕАДБ-ның 2021 жылғы таза пайдасы – $37,1 млн, бұл жоспардан 2,1 есе артық.

2022 жылдың басында әлемдегі, сондай-ақ жергілікті қаржы және тауар нарықтарындағы құбылмалылық жағдайында ЕАДБ тұрақты қаржылық жағдайды және 2022-2026 жылдарға арналған стратегияның міндеттерін іске асыру мүмкіндіктерін сақтап қалғаны атап өтілді.

ЕАДБ жобалар бойынша жаңадан қол қою жоспарын орындауға ниетті. Әзірленген 5 жылдық елдік стратегиялар аясында Қазақстанда, Арменияда, Тәжікстанда және Қырғызстанда жобаларды дамытуға ерекше назар аударылмақ.