2023 жылдың 21-ші наурызында 6505 әскери бөлім командирінің футболдан кубогы тартысқа салынды

2023 жылдың 21-ші наурызында 6505 әскери бөлім командирінің футболдан кубогы, батальондар арасында тартысқа салынды. Бұл дүлдүл додаға бөліміміздің келісімшарт бойынша әскери қызметшілері мен офицерлері ат салыса қатысты. Жарыс барысында жүлделі орындармен қоса жетеленген сыйлықтар табысталды. Қатысқан әр команда өз өнерлерін барынша салды.

Жеңімпаз командалармен үздіктен танылған ойыншылар бөлім командирінің атынан сый сыйапаттармен марапатталды. Солардың арасында тұғырлы бірінші орынға 1 атқыштар батальоны ие болды. Жүлделі екінші орынға ие болған 4 атқыштар батальоны, және де үшінші орынға ие болып 2 атқыштар батальоны топ жарды. Бұл спорттық кеште тең команда арасында ғана емес, алға жетелеген ойыншылар арасында да үздіктер байқалды.

Командасының сұр мергені, осы футбол ойындарының үздік ойыншысы ретінде таңылған 4 атқыштар батальонының әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Нұрбек Ж. танылды. Үздік голкипер, қақпа бағанасына сыңаласу, таптырмаған үздік қақпашы 2 атқыштар батальонының әскери қызметшісі сержант Айтқазин Ж. болып танылды.

Ойын соңында 6505 әскери бөлім командирі полковник Барышев Бауыржан Муратбекович жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен марапаттап, қатысушыларға өз алғыстарын білдіріп батальондар арасында спорттық шаралардың алдағы уақытта тағыда ұйымдастырылатын атап өтті.

Лейтенант Кабдуалиев Жумаш Ергалиевич