20 қарашада өтетін Президент сайлауы туралы

Жексенбінің арайлап атқан ақ таңында, осы аптаның ел ішіндегі басты оқиғаларының бірі 20 қарашада өтетін Президент сайлауы туралы өз ойымды білдіре кетсем. Әлем бұзылып кеше бауыр дескен елдер бір-біріне аяусыздық танытып жатқан кезде, еліміз өз болашағы үшін таңдау жасауы аса қажет деп ойлаймын.

✅Сайлау болатыны алдын-ала айтылып, өтетін күні екі ай бұрын жариялануы, оған қоса Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлауға қатысты үндеуі, жетілген саяси, азаматтық қоғам жолына түскеніміздің белгісі. ✔

Серікжан Байбосынов — Қарағанды облысы бойынша «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының» басшысы.