Еске алу

Сұлтан Махмұдұлы Кемелбаев

Өмірінің 77 жасында жақсы азамат, керемет журналист, «Индустриальная Караганда» газетінің бас редакторы, талантты басшы – Сұлтан Махмұдұлы Кемелбаев өмірден озды.

Сұлтан Махмұдұлының белсенді өмірі мен еңбек жолы біздің өңірмен байланысты көп жетістіктерге толы.

Ол жерлестері, әріптестері, журналистер және онымен таныс адамдар арасында үлкен бедел мен құрметке ие болды.

Сұлтан Махмұдұлы Қарағанды тау-кен техникумын және Ленинград мемлекеттік университетін тәмәмдаған. 1982 жылы Алматы Жоғары партия мектебін бітірген. Облыстық «(Индустриальная Караганда») газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі болады. 1989 — 1991 жылдары «Социалистическая индустрия» газетінде меншікті (Қазақстан бойынша) тілші болып қызмет атқарады. 1991 — 1993 жылдары «Городская газета», «Вечерняя Караганда» газеттерінің бас редакторы, 1993 жылдан «Индустриальная Караганда» газетінің бас редакторы. II дәрежелі «Шахтер даңқы» белгісімен, ҚР мерекелік медальдарымен марапатталған. ҚР Мәдениет министрлігінін «Мәдениет қайраткері» белгісінің иегері (2004).

Ол басшылық жасаған барлық кезеңдерде облыстық журналистика саласында өз үлесін қосып, журналистиканың шығармашылық майын ұштай алды.