Қарағанды облысында жедел жәрдем қызметкерлері манекен-робот арқылы біліктілігін арттыруда
Дәрігерлер мен фельдшерлер манекен-робот арқылы біліктілігін арттырады.
Қарағандыда Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының базасында Оқу-симуляциялық орталығы жұмыс істейді. Мұнда 400-ден астам жедел жәрдем қызметкері халықаралық стандарттармен оқытылды.
Баспасөз туры кезінде журналистерге бұл орталықтың қалай жұмыс істейтіні және оның алғашқы медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға қалай ықпал ететіні көрсетілді.
– Біз жедел жәрдем қызметкерлерін реанимациялық іс-шаралар өткізуге, халықаралық стандарттарға сай шұғыл медициналық көмек көрсетуге үйретеміз. Қазіргі уақытта Galileo Medical Center (Израиль) қамқорлығымен дайындықтан өткен екі халықаралық нұсқаушы жұмыс істейді. Жақын арада нұсқаушылар штаты алтыға дейін ұлғайтылады. Бізде ересектер үшін де, балалар үшін де негізгі және кеңейтілген реанимация дағдыларын пысықтауға арналған 12 манекен-тренажер бар, – деді Оқу-симуляциялық орталығының басшысы Вячеслав Рогозин.
Жабдық облыстық бюджет қаражатына сатылып алынды.
Манекендерден бөлек тренажерлер де бар.
Сонымен қатар жедел жәрдем бригадалары пайдаланатын жабдықтардың барлығы (дефибриллятор, желдеткіш, кардиограф, реанимациялық жиынтық және т.б.) бар.
Сондай-ақ орталықта диспетчерлердің біліктілігін арттыру үшін қоңырауларды қабылдау-тарату имитаторы жұмыс істейді.
– Шетелдік фильмдерден көрген шығарсыздар, диспетчер қандай да бір төтенше жағдайда қоңырауды үнемі ұстап тұрады, не істеу керегін түсіндіреді. Бұл – маңызды дағды, – деп атап өтті Вячеслав Рогозин.
Оның айтуынша, жедел жәрдем қызметкерлерін оқыту ағымға қойылады. Облыстың барлық қаласы мен аудандарының қызметкерлері өздерінің кәсіби дағдыларын шыңдай алады. Міндет – төтенше жағдайлардағы барлық әрекетті автоматтандыру.
Алдағы уақытта жедел жәрдем көліктерінің жүргізушілеріне алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін үйрететін болады.
Барлық тілек білдірушіні, яғни медицинаға етене жақын емес адамдарды да оқыту жоспарда бар. Бұл біреудің өмірін сақтап қалуы мүмкін.
Облыстық жедел жәрдем қызметінде 1500-ге жуық маман (дәрігер, фельдшер, жүргізуші) жұмыс істейді.
Денсаулық сақтау басқармасы