14 қазандағы эпидемиологиялық ахуал

Қазақстанда өткен тәулікте 1985 адамда коронавирус індеті ПТР-талдау арқылы расталды, деп хабарлады coronavirus2020.kz сайты.

 

Өңірлер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы — 270, Алматы қаласы — 350, Шымкент қаласы — 81, Ақмола облысы — 120, Ақтөбе облысы — 78, Алматы облысы — 142, Атырау облысы — 51, Шығыс Қазақстан облысы — 135, Жамбыл облысы — 35, Батыс Қазақстан облысы — 66, Қарағанды облысы — 163, Қостанай облысы — 97, Қызылорда облысы — 42, Маңғыстау облысы — 7, Павлодар облысы — 154, Солтүстік Қазақстан облысы — 149, Түркістан облысы — 45.

Айта кетейік, 11 қазанда ел өңірлерінде коронавирустың жаңадан 1499 жағдайы анықталған болатын, 12 қазанда – 1707. Жалпы, пандемия басталғалы елімізде коронавирустың 910 832 жағдайы тіркелді.