1 сәуірде бірінші сыныптарға құжат қабылдау басталады
Қазақстанда бірінші сыныптарға құжат қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Қарағанды облысы Білім басқармасының ақпаратынша, жаңа оқу жылында өңірде 17 200-ге жуық бірінші сынып оқушысы мектеп табалдырығын аттайды деп күтілуде.
Өтініш eGov.kz электронды үкімет порталы арқылы электронды форматта және «е-Білімал» жүйесі арқылы қабылданады.
Ол үшін келесі құжаттар қажет:
– ата-аналардың (немесе оларды алмастыратын адамдардың) өтініші;
– баланың денсаулық жағдайы туралы құжаттар (баланың денсаулық паспорты №026 / у-3, №063/у нысанындағы медициналық анықтама);
– 3х4 екі фотосурет.