1 маусым- Халықаралық балаларды қорғау күні
1 маусым- Халықаралық балаларды қорғау күніне орай әскери бөлімде әскери қызметшілердің балалары үшін «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Бұл мереке әскери бөлімнің командирі подполковник Рауан Омаровтың бастамасы және барлық әскери қызметшілердің ат салысумен өткізілді. Жас бүлдіршіндер өздерінің ата-аналарының қызметімен таныс болды. Сонымен қатар балаларға әскери бөлімнің қару-жарағы, техникасы көрсетіліп, түрлі кейіпкерлерді сомдаған аниматорлар өнер көрсетіп, сәйгүлік мініп, садақ атып, өздерін жауынгер сезініп қана қоймай нағыз қазақтық батыр ұлы мен қыздары болды. Осындай ғажайып сезім қалдыру үшін іс-шара тыңғылықты жоспарланды. Іс-шара соңында әрбір бүлдіршіндерге тәтті сыйлықтар мен мадақтама қағаздары берілді. Мереке өзінің қойылған мақсатына анық жетті.