1 қарашадан нақтылау шаралары басталды
Бұл жұмыс 8 қарашаға дейін жалғаспақ.
Халықты толық есепке алуды және 2021 жылғы халық санағын жүргізу кезінде деректер сапасының анықтығын тексеруді қамтамасыз ету бақылау ісшаралары жүргізіледі. Бақылау функциясы әрбір тұрғын үйге интервьюер барғанына және санақ парақтарының барлық тұратын респонденттерге толтырылғанына көз жеткізуге мүмкіндік береді.
Нұсқаушы-бақылаушылар интервьюерлермен бірге халық санағы аяқталғаннан кейін 7 күн ішінде әрбір есеп учаскесіндегі тұрғын жайлардың 10% қамти отырып, респонденттерге бақылап аралап шығу жүргізеді.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандықтардың көптеген өтініштері бойынша sanaq.gov. kz сайтындағы онлайн-сауалнама функциясы қайта жаңартылды. Егер онлайн санақтан өту кезінде респондент санақ парақтарын өзі үшін ғана толтырып, өз отбасы мүшелерін қоспаған жағдайда, онда 8 қарашаға дейін оларды өз бетінше қосу мүмкіндігі бар. Ол үшін 1446 нөмірі бойынша call-орталыққа жүгіну қажет. Респонденттің келісімімен қосымша жазбаға қолжетімділік ашылады. Бұл ретте үй шаруашылығының барлық мүшелеріне қайта сауалнама жүргізудің қажеті жоқ. Қосылған отбасы мүшесінің жеке сұрақнамасы ғана толтырылады.
Қарағанды облысының тұрғындары, интервьюер үйлерді аралап жүргенде, қайта келген кезде де үйде таппағандар санақтан санақ нұсқаушы учаскесінде өте алады. Жақын орналасқан учаскенің мекен-жайын Ұлттық статистика бюросының stat.gov.kz ресми сайтында Қарағанды облысының парақшасындағы Хабарландыру бөлімінде көруге немесе Статистика департаментінің 41-20-29 телефоны бойынша халық санағы бөліміне қоңырау шалуға болады.
Халық санағының барлық мәселелері бойынша кеңесті 1446 нөмірі бойынша бірыңғай республикалық call-орталықтан немесе облыстық статистика департаментінің телефондары бойынша алуға болады, олар санақ сall-орталығының тізімінде sanaq. gov.kz.сайтының басты бетінде орналасқан
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ СТАТИСТИКА ДЕПАРТАМЕНТІ.