Қарағанды тамақтану және сервис колледжі студенттері арасында кездесу өтті

Бүгін а.ж. 2 ақпан күні ақпараттық-түсіндіру тобы Қарағанды қаласының Қарағанды тамақтану және сервис колледжі студенттері арасында екпе туралы кездесу өткізді. Кездесу барысында екпенің қажеттілігі, мерзімі, дәрігерлердің екпе кезіндегі іс-әрекеттері туралы түсініктемелер берілді. Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды. Барлығы 45 адам қатысты.