Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында көктемгі егіс жұмыстарына дайындық мәселелері қаралды

ҚР энергетика министрі Болат Ақшолақов, ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Жамбыл облыстарының әкімдері баяндама жасады. Әкімдіктердің деректеріне сәйкес 2022 жылға арналған егіс алқаптарының болжамды құрылымы қалыптасты. Осылайша, жалпы егіс алаңы 23,1 млн гектарды құрайды, бұл 2021 жылдың көрсеткішінен 125 мың гектарға артық. Өндірісті әртараптандыру және монокультурадан кету жұмыстары жалғасуда, осыған байланысты бидай алаңы 285 мың гектарға азаяды. Жем-шөп дақылдарының алқабы едәуір ұлғайтылып, 3,6 млн га құрады. Сонымен қатар көкөніс дақылдарының аз өсуі байқалады, бақша дақылдары 2 мың гектарға төмендеді.

Дереккөз: https://primeminister.kz/kz/news/2022-zhyly-koktemgi-egis-zhane-egin-zhinau-zhumystaryn-karzhylandyru-kolemin-kosymsha-70-mlrd-tengege-arttyru-zhosparlanuda-1025740