Зообақта экзотариум пайда болды

Қарағанды хайуанаттар бағында экзотикалық жануарлар бұрышы пайда болды. Ерекше бақалар мен шаяндар, балаңқұрт, жармасқы, сцинк және хамелеон – мұның барлығын зообақта пайда болған экзотариумнан көруге болады.

Қосмекенділер және бауырымен жорғалаушылар үшін олардың табиғи ортасына мүмкіндігінше жақын арнайы торлар жасалды.

Террариумдар үлкен бөлмеде орналасқан. Жануарлардың әр түріне жеке үйшіктер құрылды.

Сонымен қатар барлық тор табиғи және жасанды өсімдіктермен безендірілген. Қосмекенділер үшін арнайы суқоймалар бар, ал бауырымен жорғалаушыларда өрмелеуге арналған ағаш бұталар мен тастар бар.

– Экзотариум біздің жаңа ғимаратта құрылды. Біз қызметтік бөлмелер жеткілікті деп шештік, сондықтан залдарымызды сирек кездесетін жануарлармен толтырамыз, – дейді хайуанаттар бағының директоры Гүлнар Адамбекова. – Бұл – жаңа тәсіл, заманауи. Экзотариумда кірпікшелі бананжегіш, геккондар, түрлі құрбақа, яғни Қазақстанда кездеспейтін жануарлар мекендейді. Шілде айына дейін мұндай залдардың кем дегенде тағы 3-4-еуін жасау жоспарланып отыр.

Террариумдардың ыңғайлы орналасуы келушілерге экзотикалық жануармен танысып қана қоймай, олардың әдеттері мен мінез-құлқын бақылауға мүмкіндік береді.

Құралай КӨБЕНОВА,«QH»