Жылыту маусымына дайындық
Қарағандыда алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары басталып кетті. Жергілікті билік пен коммуналдық сала өкілдері қыстың қамын ерте бастан ойлап, жылу жүйелерін жөндеу мен жаңғыртуға бағытталған шараларды пысықтауда. Аппараттық кеңесте онлайн форматта өткен жиын барысында 2025-2026 жылғы жылыту маусымына жүйелі әрі сапалы дайындық жүргізу мәселелері талқыланды. Жоспар бойынша өңірде 44 қазандық пен 29 турбинаға күрделі жөндеу жүргізіледі. Сонымен қатар, электр және жылу желілерін кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстары жалғасады. Бұл – алдағы қыс мезгілінде тұрғындарды жылумен үздіксіз қамтамасыз етуді көздейтін маңызды қадам.
Өңірде биылғы жылыту маусымы ойдағыдай өтті. Қыстың қатты аяздары мен суық күндерге қарамастан, тұрғындар жылумен үздіксіз қамтамасыз етілді. Бұл – энергетиктердің жүйелі жұмысының және алдын ала жасалған дайындық шараларының нәтижесі. Ал енді мамандар келесі маусымға қамдана бастады. Биыл өңірде жылыту маусымы тұрақты әрі жүйелі өтті. Аязды күндерде де тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар жылумен үздіксіз қамтылды. Энергетика саласының мамандары алдағы қысқа дайындықты ерте бастап кетті. Бұған дейінгі жылдары атқарылған күрделі жөндеу және жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде жылу желілерінің тозу деңгейі 66 пайыздан 64 пайызға дейін төмендеді. Облыс аумағындағы электр желілерінің жалпы ұзындығы 26 мың шақырымнан асады. Алайда бұл жүйелердің орташа тозуы 68,6 пайызды құрап отыр. Энергетиктер бұл көрсеткішті төмендету үшін кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстарын жүргізуде. Алдағы уақытта ескірген желілерді ауыстыру мен жөндеуге басымдық берілмек.
— Жылыту маусымына барлығы жеті энергия көздерінің, 604 жергілікті жылу көздерінің, 1,5 мың шақырымнан астам инженерлік желілердің негізгі және қосалқы жабдықтары, сондай-ақ 1117 Әлеуметтік сала объектілері мен 6079 тұрғын үй дайындалады, — деді энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Тілектес Досаев.
Энергетика саласындағы инфрақұрылымды жаңарту – өңірдегі тұрақты электрмен жабдықтаудың басты кепілі. Биыл бұл бағытта ауқымды жұмыстар қолға алынып отыр. Инвестициялық бағдарламалар шеңберінде бірнеше ірі жоба жүзеге аспақ. Инвестициялық бағдарламалар аясында биыл өңірде 85 шақырымнан астам электр беру желілерін қайта жаңарту және жаңғырту жоспарланып отыр. Бұл – ескірген инфрақұрылымды кезең-кезеңімен ауыстыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі. Жаз мезгілінде өңірлік электр желілері компаниялары өздерінің қызмет көрсету аумақтарында техникалық қызмет көрсетуді күшейтеді. Атап айтқанда, 4,2 шақырым электр желісіне жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұдан бөлек, 43 қосалқы станция мен 412 трансформаторлық қосалқы станцияны жаңғырту көзделіп отыр. Бұл шаралар өңірдегі электр энергиясының сапасын арттырып, тұтынушылар үшін үздіксіз және сенімді энергиямен қамтуға мүмкіндік береді.
— Жылыту маусымына дайындық — бұл менің жеке бақылауымдағы стратегиялық мәселе. Баршаңызға тіршілікті қамтамасыз етудің барлық нысандарын уақтылы дайындауды тапсырамын. Нақты жауапты қалалар мен аудандардың әкімдерінен алатын боламын, -деді Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.
Осакаров, Абай, Ақтоғай және аудандарының сондай-ақ, Балқаш Южный, Шашубай және Саяқ кенттерінде жаңа қазандықтар пайда болады. Бұқар Жырау ауданында Қушоқы елді мекенінің қазандығын жаңғырту жоспарланған. Екі жылу алмастырғышты орнату, газ құбырларын жөндеу және басқа да жұмыстар қарастырылған. Қарқаралыдағы жылыту қазандығы да ауыстырылады.
Қанағат ЭДУАРДҚЫЗЫ,
«QH»