Жылды ел шынайы сезінген айшықты 10 көрсеткішпен қорытындыласақ

 Биылғы 11 айда 16,9 млн м² тұрғын үй пайдалануға берілді. 2025 жылдың соңына қарай жалпы көлемі 19,1 млн м2 тұрғын үй тапсырылады деп күтілуде
Мыңдаған отбасы жаңа баспанасында қоныс тойын тойлады. Еліміздің барлық өңірінде құрылыс қарқынды дамып келеді.

 Елімізде бой көтерген денсаулық сақтау нысандарының саны: 219
Медицинаға қолжетімділік арта түсті: еліміздің көптеген аулында жаңа медициналық пункттер пайда болды. Дәрігер тапшылығы 19%-ға қысқарды.

 130 жаңа мектеп ашылды
220 мың жаңа оқушы орны құрылды, 100-ден астам мектепте орын тапшылығы жойылды. Баланың қалада немесе ауылда тұрғанына қарамастан оқуға қолайлы жағдай жасалады.

 5,9 трлн теңге зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге бағытталған
4,6 млн қазақстандық мемлекеттен көмек алады. Азаматтарды қолдау бюджеттің басым бағыты болып қала береді: 2026 жылдан бастап зейнетақы мен жәрдемақы тағы 10%-ға өседі.

 33 жаңа зауыт іске қосылды, 150 зауыт жаңартылды
«Қазақстанда жасалған» – енді тұрмыстық техника мен автокөліктерге де қатысты. Теледидар мен кір жуғыш машиналар өндірісі іске қосылды, автомобиль шығаратын зауыттар салынуда.

 27,1 млн тонна астық жиналды
Диқандар екінші жыл қатарынан астық жинаудан рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Ел азық-түлікпен толық қамтылған, экспорт көлемі артып келеді.

 13 мың шақырым жол салынды және жөндеуден өтті
Қалалар арасындағы жол жүру жылдам әрі қауіпсіз бола бастады, жүк тасымалдау көлемі 9,6%-ға өсті.

 Халықтың 90%-ы интернетпен қамтылды
Қазақстан Starlink спутниктік интернетіне қол жеткізген Орталық Азиядағыалғашқы мемлекет болды.

 Бір жылда 335,6 млн ағаш отырғызылды
2021 жылдан бері – 1 млрд 470 млн көшет. «Таза Қазақстан» Президент бастамасы аясында еліміз жасыл елге айналып келеді. Бұл өзіміз үшін және болашақ ұрпағымыз үшін таза ауаға салынған үлкен инвестиция.

 Ел экономикасы 6,4%-ға өсті
Қуатты экономика – мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерді орындау үшін ресурстары бар екенінің кепілі: тіпті жаһандық нарық тұрақсыздығы жағдайында да жалақы, зейнетақы төлеу және жаңа мектептер салу.