ЖРВИ және тұмау туралы не туралы не білесіз?

Жіті респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) — әлемдегі тұмауың ең кең тараған тобы. Тұмау пайда болуына қарай вирустық ауру бактериялық инфекцияға асқынуы болып бөлінеді.

Ауру қоздырғыштары ағзаға ауа-тамшы жолдарымен – тыныс алу жолдары арқылы жұғады. ЖРВИ кезінде бірінші кезекте тыныс алу ағзаларын зақымдайды. Жөтелу, түшкіру, сөйлесу кезінде ауа арқылы науқас адаммен байланыс жасаған кезде жұғады.

ЖРВИ және тұмау тыныс жолдарын, жүйке жүйесін, құлақ және басқа да ағзаны зақымдануымен қауіпті. Асқынулар 3 жасқа дейінгі балалар арасында жиі кездеседі. Себебі, олардың иммунитеті әлі де жетілмеген және жүйке жүйесі толық қалыптаспаған. Сондықтан балалар арасындағы сырқаттану ересек адамдарға қарағанда 4-5 есе жоғары болады. Соның ішінде 5 жасқа дейінгі балалар арасында тұмау және ЖРВИ ауыр жағдайда өтіп, асқынулар туындауы мүмкін. Респираторлы ауруларға шалдығу мүмкіндігі мектепке дейінгі балалар мекемесі және мектепке баратын балалар арасында жоғары. Себебі, үлкен ұжымдарда инфекция тез таралады.

Тұмаудың белгілері: тамақтың ауыруы, дене қызуының көтерілуі, бас және бұлшық еттер ауырсынады. Осыдан адам еңбекке уақытша жарамсыз болып қалады. Ол А, В, С грипп вирусы деп түр-түрге бөлінеді. Тұмау 5-10 күнге дейін созылып, қайта асқынып кетуі мүмкін. Ал, асқынған ауру отит, гайморит кеселдеріне алып келеді.

Тұмау және ЖРВИ-дің алдын алудың сенімді жолы – вакцина салдыру.

Бір рет барлық отбасы мүшесінің тұмауға қарсы екпе қабылдауына кеңес беріледі. Жыл сайын ақысыз түрде тұрғындардың неғұрлым әлсіз топ өкілдеріне, атап айтқанда, балалар, сәбилер үйлерінің тәрбиеленушілері, мектеп-интернат оқушылары, қарттар үйіндегі адамдар, медициналық қызметкерлер егіледі.

Өзіңіздің ауырып қалмауыңыз және айналадағыларға жұқтырмау үшін не істеу керек:

— науқас адамдармен байланыста болмау;

— науқастан 1 метрдей алшақ болу;

— науқас адамдармен қарым-қатынас кезінде бетперде кию;

— таралуын алдын алу үшін қолды сабынмен немесе бактерияға қарсы ерітіндімен жуу;

— бір реттік қол орамалын қолдану, жөтелген және түшкірген кезде мұрын мен ауызды жабу;

— адам көп жиналған жерге бармау;

— бөлмеде ауаны жиі желдетіп отыру;

— салауатты өмір салтын ұстану.

Егер отбасыда науқас адам болса:

— мүмкіндігінше науқас отбасының басқа мүшелерінен оқшаулану;

— науқасқа бір адам күтім жасау;

— отбасының барлық мүшесі бетпердені қолдану, қолды жиі жуу;

— науқастан кемінде 1 метр ара қашықтықта болу;

— науқас адамға бөлек ыдыс-аяқ қолдану.

Дәрігердің кеңесіне үнемі құлақ асыңыз. Денсаулықтарыңызға бей-жай қарамаңыздар!

Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Н.М.Аймағанбетов, бас маманы Б.А.Рамазанова