ЖОЛ МЕН СУҒА ЖАРЫМАҒАН АУҚАТТЫЛАР МЕКЕНІ

Қарағанды қаласында Күнгей шағынауданының бой көтергеніне де отыз жылға жуықтапты. 3000-ға жуық халық тұратын жеке секторда мектеп, супермаркет жоқ. Жедел-жәрдем мекенжайды тауып бара алмайды. Жарығы бірде бар, бірде жоқ. Ауызсуы тасымал. Облыс орталығында бірнеше қабатты сәнді үйлер бой түзеген ауданның заманауи коммуникациядан қағылуына кім кінәлі?

Күнгей ауданы тұрғындары үшін тұрақты қоғамдық көлік арман. Қаламен байланыстыруға тиісті 16 маршрут пандемия кезінде тоқтап қалған. 1 наурыздан бастап мектептер штаттық режимге көшкенде маршрутты іске қосуды ұмытып кеткен. Оқушылар мектепке жаяу баруға мәжбүр. Бей берекет салынған үйлердің арасы ат шаптырым. Сақалды құрылыс самсап тұр. Сәйкесінше далада қаңғып жүрген қаңғыбас ит көп. Тұрғындар балаларын мектепке жаяу жіберуге қауіптенеді.
Күн бұзылып боран соққанда Күнгейдің жолын күре қар басып қалады. Жол тұрмақ үй маңын аршу мұң дейді тұрғындар.

— Алты ай қыс үйдің маңын күреумен өтеміз. Жолды алып қалады. Арнайы техникамен тазаламағаннан кейін, қатып қалған қар көктемде еріп, маңайдың барлығын батпақ алып кетеді. Жұмысқа барарда боти киіп аламыз. Жұрт әп әдемі болып туфлимен жүргенде біз саз-саз болып, шаршап жүреміз. Балаларды күнде сабаққа таксимен жібереміз. Көршілер бірігіп көлік жалдаймыз. Ол да қып- қызыл шығын. Өздерін жіберейік десек, иесіз иеттер қауып ала ма деп қорқамыз,-дейді Есенхан Жазира.

Күнгейде балабақша да, спорт кешендері де бар. Барлығы жекеменшіктің қолында. Үш мың халыққа арнап әзірге мемлекет есебінен мектепке дейінгі мекеме салынған жоқ.
Кәріз бен су желілері кейбір көшелерге ғана тартылған. Аумақты толықтай магистралдық желімен қамтуға 600 миллионнан астам теңге қажет.Осыдан үш жыл бұрын күнгейліктердің арызын тыңдауға сол кездегі облыс әкімі Ерлан Қошанов арнайы келді, тұрғындармен кездесті. Е.Қошанов күнгейліктердің көп жылғы шағымына құлақ асқан бірінші басшы болды. Күнгейліктердің мәселесі қазіргі әкім Жеңіс Қасымбектің де назарында.
Күнгей халқының мәселесін шешу үшін әуелі сумен жабдықтау, электр мен кәріз желілерін тарту, жол салу қажет. Бұл орасан зор қаражатқа келіп тіреледі. Әзірге бюджетте ондай қаражат қарастырылмаған. 2019 жылы 83 шақырымға созылған су құбыры желісінің құрылысы аяқталды. Шамамен 6,5 шақырым асфальт төселді. Дегенмен, жол мәселесін толығымен шешуге әлі ерте.

— Биыл қыс ауыр болды. Қар құрсауында қалдық. Жолдар тазаланбады, сумен жабдықтауда іркілістер болды. Жаңа үйлер көбейген соң электр станцияларының қуаттылығы жүктемелерге төтеп бере алмайды. Жарық сөніп қала береді. Ауызсуды тасып ішіп отырмыз,- дейді Сапаржан Құсайынова.

— Жоспар бойынша инженерлік коммуникациялар тартуға жобалық құжат дайындалған. Сол жүйелер толық жөнделген соң, біз жол жөндеу мәселесіне көшеміз деп отырмыз,-дейді жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы Әлібек Дүйсембеков.

Өткен ғасырдың 90 жылдары тұрғындар бұл жерге инженерлік желілерсіз қоныстанып алған. Көбінесе өз қаражатына үй салып алу үшін көшіп келеді. Қаланың сыртында, шаһардың у-шуынан аулақта жатқан аудан ақшалы азаматтардың сүйікті мекені.
Күнгей тұрғындарының шағымымен келіспейтін тұрғындар да бар. Олардың айтуынша Күнгейді инженерлік коммуникациямен қамтамасыз ету үшін бюджеттен миллиардтаған қаражат бөлу артық.

— Күнгейде ауқатты адамдар тұрады. Олар қос қабатты үй салуға қаржысы жетіп тұрған жандар. Коммуникация тартылмаған жерден баспана салуға өздері ниет білдірді. Ендеше неге оларға бюджет есебінен жол төселуі керек. Бізде жол төселмеген Михайловка, Федоровка секілді аудандар бар. Тұрғындарының дені қариялар. Сол жақтың тұрғындарына көмектесу керек. Ал Күнгей тұрғындарының қымбат көліктері бар, қоғамдық көліксіз да қатынай алады,-дейді қарағандылық тұрғын Азамат Серікхан.

— Біз елмен бірдей салық төлейміз. Адал еңбегімізбен тапқан қаражатқа кішігірім бір қабатты үй салып алдық. Бізге де басқаларға тиісті әлеуметтік м ү м к і н д і к т е р жасалуы керек. Болмаса Күнгей т ұ р ғ ы н д а р ы н салықтан босатып, су мен ж а р ы қ т ы ң бағасын қайта қарау керек,- дейді Сережа Айсана.

К ү н г е й тұрғындарының тағы бір м ә с е л е с і м е к е н ж а й д ы ң ретсіз орналасуы.

— Күнгейге жедел-жәрдем шақыру мұң. Н а у қ а с т ы ауруханаға өз к ө л і г і м і з б е н жеткізгенді жөн көреміз. Себебі таксилер де, жедел-жәрдем де мекенжайды нақты тауып келе алмайды. Оқыс оқиға болса,
қылмыс орын алса не болатыны белгісіз. К ү н г е й д е г і көшелер ретсіз с а л ы н ғ а н , ж ү й е г е түспеген,- дейді Ақылбек Шекен.

– Күнгейден тапсырыстар түсіп жатады. Қалаға тиіп тұрса да бармаймыз. Себебі мекенжайды тауып бару мүмкін емес. Навигатор көрсетпейді, — дейді таксист болып ақша тауып жүрген Қуаныш Мұқашев.

Күнгей ауданының мәселесін Қарағанды қаласының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев та қадағалауына алған. Шаһар басшысы аппараттық кеңесте жеке тұрғын үйлерді жылумен, сумен жабдықтауды жүргізу жалғасып жатқанын хабарлады.

— Күнгей шағын аудан бойынша электрмен жабдықтау желілерін жобалау жүргізілуде. Қосалқы станциялардың құрылысы 6,8 миллиард теңгені құрайды, — деді Қарағанды қаласының құрылыс бөлімі басшысы Нұрлан Әбжанов.

— 2021 жылы «Өңірлерді дамыту 2020-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында ЖЭО-3-тен 4 шақырым жылу трассасын салу көзделген. Осы жобаны іске асыру қаланың жаңа бөлігіндегі, сондай-ақ оңтүстік-батыс және солтүстік-шығыс аудандарындағы үйлер мен объектілерді орталық жылумен жабдықтауға қосуға мүмкіндік береді, — деп хабарлады қала әкімі Ермағамбет Бөлекпаев.

Биыл Күнгейдегі 299 учаскеге инженерлік-коммуникациялық желілер тарту үшін қаражат қарастырылған. Бұл 300-ден астам отбасын коммуникациямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта құрылыс жобасы әзірленіп, мердігерлік ұйымдарды анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде.

Ләззат ҚОЖАХМЕТОВА,

«QN»