Жол мәселесі басты назарда
Қалалық мәслихат депутаттары қалада салынып жатқан және жөнделіп жатқан жол аумақтарын аралап, жұмыс барысын көрді. Четская мен Қамали Дүйсембеков көшелерінің учаскелеріндегі жағдай халық қалаулыларының көңілінен шықпады.
Күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін жақында Дүйсенбеков көшесіне бағытталған жолды қолданысқа берді. Жөнделіп жасақталған жолдың асфальты жол жиектері, жаяу жүргіншілер жолы, кең тратуар мен бағдаршамдары өте маңыздысы жауын суына арналған суағарлар барлығы дерлік салынған. Бұл тамаша дерсіз, алайда асфальтты төсегенде жол үстін тарылтып жіберген. Үш жолақты жолдың бір бөлігін тарылтып тастағанын тұрғындар депутаттарға айтып шағымданған.
– Мына жол тар болып тұр, автобус өткенде екі машина сыймайды. Көлік бұзылса, не сыймайсыз, немесе көлігіңізді жолдан алып шыға алмайсыз. Бұрынғы жолға қарағанда әлдеқайда тарылған, – дейді К.Дүйсембеков көшесінің тұрғыны Марат Райкулов.
– Көлік бұрылғанда жол тар, сол себепті көлік қарама-қарсы жолға шығуға мәжбүр. Егер мына жерде автокөлік сынып қалса, көлік кептелісі туындайды. Қыста көктайғақ болып, қар кептеліп қалса, мына жолдан тіптен қозғалу мүмкін емес болып қалады, – дейді Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты Бақтияр Омарханов.
Мердігер жолды жоба негізінде, сапалы төсеген. Жолдың тарылып қалуына қатысты мәселеге мердігер емес, өзгелер жауапты.
– Бұл жоба сараптамадан өткен, мақұлданған. Біз Астанада жобалау институтымен бірге Қарағанды қалалық Коммуналдық шаруашылық бөлімімен бірлесе қарастырылған. Яғни, жоба сараптамадан өткен, енді оны қайта алып, жолды кеңейту мүмкін емес. Жол кейбір жерде кең, кей тұсы тар. Жобалаушы айтқанындай біз тек тік жол ғана жасай аламыз. Ені сол көлемде ғана қалады, – деп отыр «РСУ по ремонту дорог» ЖШС басшысы Андрей Андреюк.
Мердігердің айтуынша, жұмыс құнының 15 пайызы қазірдің өзінде тұрғындар мен коммуналдық сала мамандарының тілек өтінішін орындауға кеткен. Бұл мәселен, нөсер ағындарын орналастыру және инжинерлік желілерге қатысты барлық кем-кетікті жою. Келеңсіздігі сол, бұл қателіктер мен алдыңдағы басқа кемшіліктер де 2020 жылы сырттан келген жобалаушы тарапынан ескерілмепті. Қысқасы бұл мәселе әрі тартса өгіз өліп, бері тартса арба сынадының кейпінде, қалай шешілетіні әзірге белгісіз. Депутаттар жол төсемінің сапасын бақылау мақсатында Жол активтері ұлттық орталығы облыстық филиалы өкілімен бірге асфальт төсемінің қабатын ойып алып, қалыңдығын өлшеді. Ол өлшем артығымен, енді жол төсемі химиялық құрамы бойынша да талданады. Асфальтная, Бытовая учаскелерінде жұмыс қызу қарқында жүріп жатыр. Осы аптада осынау жол бөлігінде жол қозғалысын ашып, жұмыс одан әрі жанданады. Мердігердің айтуынша, проблемалар мен одан арғы күтпеген жұмыстар біртіндеп туындай бастаған. Ал бұл кестеден ауытқуға әкеледі.
Дей тұрғанмен тексеріс, бақылау болған сайын жұмыс сапасы да жақсара түсері сөзсіз. Депутаттар көңіл толатын мәселенің бірі жолдың 5 жылдық кепілділігі бар. Әрі жаңа технологияларды қолданып жатыр. Енді сол технологияның нәтижесін күтеміз дейді. Бір кемшілігі жол жөндеу барысында тоқ кабельдері, су, кәріз жолдарының инженерлік желілеріне қатысты рұқсаттама алуда уақыт созылып кетеді екен. Осы мәселе кейде жұмысты бөгейді. Биылғы жылы жол жөндеу компаниясы тарапынан қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар үлесін 72,2 пайыздан 79 пайызға дейін арттыруды жоспарлап отыр. Бұл істе, қалалық Мәслихат депутаттары жол жөндеу жұмыстарын бақылауды тұрақты түрде қолға алған.
Айдын ШАЛАТАЙҰЛЫ, «QH»