Жол азабын тартқандар

Жолға қатысты шағым азаймай тұр. Қала тұрғындары Шет пен Дүйсембеков көшелерінде жөндеу жұмыстарын жасап жатқандарға шағымдануда. Биыл Қарағандыда төрт жарым шақырым жолды жөндеуге уәде берілді. Алайда жол жөндеу барысындағы уақытша қиындықтарға тұрғындар шыдамы таусылғандай. Жол жөндеу жұмыстары қашан аяқталады?

Қарағандылықтар Шет көшесіндегі жолды жөндеуді көптен күткен еді, жол жөндеуші компаниялар жұмысы барысында түрлі қиындық туындауда. Қазір әр аудандағы жүргізушілер жол учаскелерінің жабылуы себебінен қолайсыздықтар сезінуде. Жолдар толығымен жабылғанша, уақытша қиындықтар болса да, жолдың жабылмағаны керек, дейді наразы жұртшылық.

– Шындық тас жарады, тас жармаса бас жарады. Жолды ретке келтірілгенше кезең-кезеңімен бақылап отыру керек. Кез-келген мердігер келіп қаланы қазып-қазып тастаған. Жақсы жасап та жатыр, ал кейбір жерде керек жоқ жердің асфальтын алып тастапты. Халықтың шағымын тыңдап, құлақ асқандарыңыз дұрыс, – дейді қала тұрғыны Сайлау Орынбаев.

Қазір үш бағыт бойынша жұмыстар жүргізілуде. Біріншісі – Федоровка жол желілерінен бастап, 3-ші автотұраққа дейінгі бұрылысқа дейінгі аумақ.

– Бірінші участок бойынша біраз техникалық қиындықтар туындады, оны шештік. Жолдың бір жағында жұмыс аяқталды. Жолды жаппай жұмыс істеу мүмкін емес. Жобаға кірмей қалған дүниелер де бар. Ауа райының қолайсыздығы да уақытқа кедергі келтіруде, суағарлар жоспарда болмаған, – деп атап өтті «Қарағанды ​​қаласының коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы Ержан Кокушев.

Жобаға жоғары вольтты 6 кабель кірмей қалған, бұл жолды кеңейту кезінде олардың орнын ауыстыруды талап еткен қызмет түрі және бұл кестенің ауысуына да себеп болды. Қазір мәселе шешіліп, жобаны аяқтау үшін, күре жолды бірнеше күнге толық жабуды әкімшіліктен сұраған, бірақ олардан рұқсат берілмеді, сол себепті де ұсынған шарттар қолданылады. Молоков көшесінен Затаевич көшесіне дейінгі жол толығымен жабылған. Мұндағы жолды кеңейтеді, бірақ компенсаторлармен мәселе туындады. Жол жөндеуші компания өкілдері жұмыс барысында жылдамдықты арттырып, екі қабат асфальт төсеп жұмыстарды жасап шығуға уәде беріп, үшінші қабатты кейінге қалдырады. Молоков көшесіндегі қиылыста оң жақ шығыс жолдары қарастырылады. Бұқар жырау даңғылынан «Орбита» ықшамауданының шеңберіне дейінгі учаскеде ірі компания өз қызметін атқаруда. Мұнда қазірдің өзінде жолдың жоғарғы қабатында жұмыстар жүргізілуде. Жол жөндеушілер жолды қазуға кіріскен кезде жерасты сулары қазылған шұңқырды толтырып, бұл өз кезегінде жұмысты одан әрі қиындатып, сонымен бірге белгіленген мерзімге әсер етті. Мұндағы суағарларда жобаға қосылмаған, оларды тастап кетуге болмайды, дейді мамандар. Сондықтан маңызды құжатты қайта өңдеуге тура келген. Осының бәрі жобаның сәйкессіздігімен, бірнеше рет өзгертілген. Осылайша ауа райының қолайсыздығынан, жол жөндеу ісі тұралап қалу салдарынан тұрғындар зардап шегеді.

Жұпар ТОНТАЙТЕГІ, «QH»