Жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабына сәйкес (бұдан әрі – Кодекс), «мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, Кодекстің 84-бабында белгіленген ерекше жағдайлар тізбесіне жататын объектілерді салу бөлігінде елді мекендердің бас жоспарларын орындау мақсатында, атап айтқанда, автомобиль жолдарын, магистральдық құбырларды, инженерлік-коммуникациялық желілерді және елді мекендердің ортақ пайдаланылатын объектілерін іске асыру жолымен салу (реконструкциялау)  жер учаскесінің нысаналы мақсаты Қарағанды қаласының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына қайшы келетін егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскесіне қатысты мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімін қозғау:

1) Қазыбек би атындағы аудан, Күнгей шағынауданы, Матена Рахымбеков көшесі, 89/1 учаске, алаңы 0,1000 га, кадастрлық нөмірі 09-142-147-504, Тілеухавил Раушанға жеке меншік құқығында тиесілі;

2) Қазыбек би атындағы аудан, Әбдіров даңғылы, 29 құрылыс, алаңы 0,1190 га, кадастрлық нөмірі 09-142-125-316, «Каржас 2024» ЖШС-не жеке меншік құқығында тиесілі;

3) Қазыбек би атындағы аудан, Арқалық көшесі, 23/1 учаске, алаңы 5,0927 га, кадастрлық нөмірі 09-142-111-177, «АСКАР security» ЖШС-не уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығында тиесілі;

4) Әлихан Бөкейхан атындағы аудан, Менделеев көшесі, 4 үй, алаңы 0,1000 га, кадастрлық нөмірі 09-142-014-205, «SEDA-3» ЖШС-не жеке меншік құқығында тиесілі;

5) Әлихан Бөкейхан атындағы аудан, Менделеев көшесі, 4 учаске, алаңы 0,0999 га, кадастрлық нөмірі 09-142-014-204, «SEDA-3» ЖШС-не жеке меншік құқығында тиесілі.

  1. Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні 2026 жылғы 25 желтоқсан болып белгіленсін.
  2. Келісу рәсімдерін жүзеге асыру үшін меншік иесінің жүгіну орны болып өтініш беру арқылы «Қарағанды қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Д.А. Шакенов) белгіленсін: Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 39, 425 кабинет.
  3. «Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Р.М. Қаржасбаев) осы қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде аталған қаулыны жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
  4. «Қарағанды қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Д.А. Шакенов) жер учаскесінің меншік иесін «Мемлекеттік мүлік туралы»Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабының тәртібімен хабардар етсін.
  5. Қарағанды қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Тоқмурзин Ж.Т.) жер учаскелерін бағалау бойынша жұмыс жүргізсін
  6. Осы қаулы Қарағанды қаласы әкімінің аппаратында тіркелген сәттен бастап күшіне енеді.

 

 

Қарағанды қаласының әкімі                                                  М.Кожухов