«ЖАТЫР БҰҚПА ТАҒДЫРҒА КӨНІП, АРЫП…»
Қаланың Оңтүстік-Шығысында жазық даланы көлбей ағатын өзенді тал, өсімдік өспейтіндіктен дәл жағалауына келгенше байқау қиын. Осы ерекшелігін «Бұқпа» деген атауы анықтай түседі. Бүгінде, байқалуы тіптен қиындай түскен…
Жергілікті тұрғындар өз күштерімен өзенді тазарту бойынша акция ұйымдастырды. Орталық саябақтағы көлдің суы да осы өзеннің ағысы есебінен тазаратыны белгілі. Алайда, жасанды су айдыны тұрмақ, өзеннің өзі жойылып кетудің алдында тұр.
Қаладағы белсенділердің бастамасына қарағандылық Алексей Картечевтің «Қарағанды аймағы» ютюб-каналындағы бейнероликтері түрткі болған. Қала тұрғыны өз материалдарында саябақ көлінің тартылу себептерін және Бұқпа өзенінің осы мәселеде қандай рөл атқаратынын егжейтегжейлі баяндаған. Басты мәселе – өзен арнасының қоқыс қалдықтарымен толуы. Таңқаларлығы, өзен адами факторлардың әсерінен ластанған. 1940 жылы саябақтағы көл Бұқпа суымен толтырылып, көлге келіп құятын арна жасалған. Бүгінгі таңда өзенде арамшөптер қаптап, батпаққа айнала бастаған. Су арнасын ешкім бақылауқа алмағандықтан, өзен тұтастығынан айырылған.
— Кеңес заманында Бұқпа шахталар арқылы құятын жер асты суларымен толтырылған. 1970 жылы қалада су тасқынынң алдын алу мақсатында су арнасы бетон коллектормен қоршалды. Одақ ыдырағаннан кейін көптеген шахталар жабылып, өзенге құятын ағын су көздері азайды. Содан бері өзен бірте-бірте жойылып барады,- дейді Алексей Картечев өзінің бейне-жазбаларында.
Бейнероликте Алексей өзендерді коллекторлармен қоршаған батыс және Еуропа елдері су арналарының тасу қаупін ғана ескермеген. Өзендер қаладағы микроклиматқа да оң әсерін тигізеді.
Тазалық акциясына шағын ұйым қызметкерлері мен қаланың жанашыр тұрғындары, жалпы саны 50-ден астам адам қатысты. Қазыбек би атындағы аудан әкімдігі белсенділерге қоқыс қаптарын шығаруға арналған техника мен тазалауға арналған құрал-жабдықтар беріп, көмек көрсетті. Акцияны ұйымдастырушылардың бірі Сергей Теннің айтуынша, 100 қап – қанша қоқыстың аз ғана бөлігі. Ол қалалық су айдыны мен су арнасын құтқару үшін жақсы бастама ойлап тапқандығын атап өтті.
– Өзенді тазарту туралы идеяны досым Қайыржан Қасымов ұсынды. Ол Бұқпа өзені мен көл туралы фильмді көріп, тазалық жұмыстарына шақырды. Сенбілікте біздің белсенділеріміздің бірі Сергей Жуков бастаған 11 адам Кронстаттская көшесіндегі учаскені тзартты. Олар шамамен 25 қап қоқыс шығарды. Жігіттер мен қыздар батпақты қоқыстан та зартты. Басқалары жабық коллектор орналасқан Қазақстан көшесіндегі учаскеде болды. Қоқыс өте көп: бөтелкелер, пластик бұйымдар, қарасора мен бұтақтар. Жүзден аса қоқыс толтырылған қап шығардық. Оған қоса, Вячеслав деген кеншінің көмегі көп болды. Ол жиналған қоқыстың барлығын жалғыз өзі қоқыс полигонынна тасыды. Сондай-ақ, әкімнің балалар мен отбасы құқықтарын қорғау жөніндегі кеңесшісі Татьяна Савицкаяның да үлесі зор. Өзенді тазарту үшін бір ғана сенбілік жеткіліксіз, — деді Сергей Тен.
Белсенділер қоқысты тазарту қажет, алайда, әуелі аумақты ластауға тыйым салынуы керектігін айтады. «Арнайы ескерту тақтайшалары орнатылмаса, атқарылған жұмыс еш нәтиже бермейді. Мәселен, Қарағанды экологиялық музейінің экологтары осындай сенбіліктерді жиі өткізіп тұратын. Бірақ, керісінше, жыл сайын аймақтағы қоқыс көбейіп келеді. Осындай акцияларды әрі қарай да өткізуге ниеттіміз. Келесі сенбіліктің уақыты мен күнін баяндайтын әлеуметтік желімізді қадағалаңыздар» дейді сенбілікті ұйымдастырушылар.
Ақзия ОРАЗАЛИЕВА, QH.