«Жасынан оқу оқып, білім қуған…»
Қарағандылық оқушы Толғанай Мейіржанқызы республикалық Мағжан оқуларында үшінші орын иеленді. Ғылыми-шығармашылық байқаудың республикалық кезеңі Петропавл қаласында өтті. Оған еліміздің барлық өңірінен 51 оқушы қатысты.
Дәстүрлі республикалық ғылыми-шығармашылық байқаудың мақсаты – өскелең ұрпақты Мағжан Жұмабаев мұрасымен таныстыру және дарынды оқушыларды қолдау.
Жас таланттар «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» – Мағжан Жұмабаевтың шығармаларын мәнерлеп оқу сайысы; «Ақын да – бір бала ғой айға ұмтылған» – ақынның шығармаларын орындау; «Жасынан оқу оқып, өнер қуған…» – ғылыми жоба (Мағжан Жұмабаев шығармашылығын зерттеу) номинациялары бойынша бақ сынасты.
Байқау қорытындысында қарағандылық Толғанай Мейіржанқызы «Жасынан оқу оқып, өнер қуған…» номинациясында үшінші орынға ие болды. Жетекшісі – Бану Түсіпханова.
Сайыстан кейін қатысушылар Мағжан Жұмабаев туған Сартомар ауылына барып, мектеппен және мұражаймен танысып, ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Ақзия ОРАЗАЛИЕВА
«QH»