«Жасыл ел» жасақтары Шахтинск қаласында тазалық орнатты
Экологиялық акция аясында “Жасыл ел» жастар еңбек жасағының жауынгерлері Шахтинск қаласында абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Аумақтар, жасыл аймақтар тазартылды, қоқыс жиналып, қоғамдық орындар ретке келтірілді. Жастар қаланың тазалығы мен абаттандырылуына үлес қоса отырып, туған өлкеге деген белсенді азаматтық ұстанымы мен сүйіспеншілігін көрсетеді. Еңбектеріңіз бен қаламызға немқұрайлылықпен қарамайтындарыңыз үшін рахмет!