«Жасыл ел» сарбаздары нашақорлықпен күрес жолдарын талқылады

 

16 шілде күні Майқұдық саябағында Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығы «Жасыл ел» сарбаздарының арасында нашақорлықтың алдын алудың өзекті мәселелеріне арналған кездесу өткізді.

Кездесу жастардың есірткі қолдануға байланысты тәуекелдер туралы хабардар болу деңгейін арттыруға және олардың денсаулығы мен болашағына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталды.

Спикер ретінде Қарағанды облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Н.Б. Сәдуақасов сөз сөйледі.

Іс-шара барысында есірткі заттарының жаңа түрлері, олардың ағзаға әсері, сондай-ақ жастар ортасында есірткінің таралуының алдын алу мен оған қарсы күрестің заманауи әдістері талқыланды. Спикер сондай-ақ құқықтық аспектілер, тыйым салынған заттарды қолданудың салдары және жастардың есірткіге тәуелділікке тартылуын болдырмаудың тиімді жолдары туралы ақпаратпен бөлісті.